5 желтоқсанда Бахрейнде BRAVE FC 77 турнирі өтеді, онда қазақстандық файтерлер Олжас Есқараев пен Николай Самусев өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Самусев үшін бұл жекпе-жек лигадағы дебюті болады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Абдисалам Кубанычбек Лукас Мартинске қарсы кездесуде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Кардта екі титулдық жекпе-жек қарастырылған.

  • Абдисалам Кубанычбек (20-3-0, Қырғызстан) – Лукас Мартинс (22-6-0, Бразилия);
  • Камал Магомедов (10-0-0, Ресей) – Марчин Бандель (22-7-1, Польша);
  • Руслан Тедеев (13-3-0, Ресей) – Олжас Эскараев (14-7-0, Қазақстан);
  • Виталий Якименко (6-1-0, Украина) – Майсара Мохамед (7-0-1, Мысыр);
  • Мутолибшо Акобиров (4-0-0, Тәжікстан) – Николас Хвенде (6-1-0, Зимбабве);
  • Николай Самусев (8-0-0, Қазақстан) – Адилет Нурматов (12-2-0, Қырғызстан).

Турнир Астана уақытымен 22:00-де басталады. Турнирдің тікелей трансляциясын төмендегі сілтеме бойынша көруге болады: