Бүгін Омбыдағы «Джи-Драйв-Арена» мұз айдынында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Авангард» - «Барысты» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб Шығыс конференция кестесінде 38 матч, 31 ұпай жинады. Команда плей-офф аймағынан 10 ұпайға қалып тұр. Турнирдің соңғы төрт кездесуінде «Барыс» үш жеңіске жетті.

Омскілік клуб Шығыс конференция кестесінде екінші орында тұр. Осы маусымда ол 36 матч өткізіп, 51 ұпай жинады.

«Авангард» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Матчты мына сілтеме арқылы көруге болады.