Бүгін, 5 желтоқсанда футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Арменияға қарсы екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін командалар 26 қыркүйекте Армения құрамасы алаңында кездесіп, қазақстандық футболшылар жеңіске жеткен (1:2).

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:00-де басталады. Матчты livetv737.me сайтынан көруге болады. «Qazsport» телеарнасы матчтың жазбасын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Израиль құрамасы 10 ұпаймен топта көш бастап тұр, Эстония 10 ұпаймен екінші орында, Қазақстан 5 ұпаймен үшінші орында, ал Армения құрамасы 0 ұпаймен соңғы орында тұр.