ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Бавария» және «Челси» «Милан» қақпашысы Майк Меньянға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Foot Mercato сайтына сілтеме жасап.

Футболшының италиялық клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген. Тараптар келісімшартты ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ қиындықтар бар.

Француз жалақысын айтарлықтай көтеруді талап етіп отыр, ал бұл келіссөз кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Дегенмен, тараптар әзірге қоштасуды жоспарлап отырған жоқ.

Осы маусымда 28 жастағы қақпашы барлық турнирде 16 матч өткізіп, 6 рет қақпасын құрғақ алып қалған.