Футболдан Ұлттар лигасы 2024/25 маусымының жеребесі 2024 жылдың 8 ақпанында өткізіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің жаңа маусымында Қазақстан құрамасы В дивизионында ойын көрсетеді. 2022/23 жылғы маусым қорытындысы бойынша олар С дивизионында Әзербайжан, Словакия мен Беларусьті артта қалдырып, бір дивизионға жоғарылады.

В дивизионында қазақстандық футболшылар Грузия, Грекия, Түркиямен бірге төртінші себетке орналасқан.

В дивизиондағы құрамалардың қай себетке орналасқаны төмендегіше:

Бірінші себет: Аустрия, Чехия, Англия, УэльсЕкінші себет: Финляндия, Украина, Исландия, НорвегияҮшінші себет: Словения, Ирландия, Албания, ЧерногорияТөртінші себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан.

Сондай-ақ, 2024/25 маусымының ойын күнтізбесі белгіленді.

1 тур: 5-7 қыркүйек 2024 жыл.2 тур: 8-10 қыркүйек 2024 жыл.3 тур: 10-12 қазан 2024 жыл.4 тур: 13-15 қазан 2024 жыл.5 тур: 14-16 қараша 2024 жыл.6 тур: 17-19 қараша 2024 жыл.Плей-офф: 17-25 наурыз 2025 жыл.Төртеудің финалы: 2-10 маусым 2025 жыл.