Нидерландтың Леэварден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан қыздар командасы қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап

Жарыс барысында әйелдер эстафетасында олар 3000 метр қашықтықта бақ сынады. Нәтижесінде мәре сызығын үшінші болып қиды.

Ел құрамасы сапында Алина Әжғалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук сайысқа түсті.

Алғашқы екі орынды Оңтүстік Корея және Нидерланд құрамалары көтерілді.

Сондай-ақ, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогы кезеңінде қазақстандық Дінмұхаммедалдияр Тәжібай үшінші орын алды. Ол 1000 метр қашықтықта үшінші келді.