Америкалық танымал файтер қыз, аса жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы Ронда Роузи ұйымға оралуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Sports Rush порталының ақпараты бойынша, Роузиге UFC 300 турнирінде Миша Тейтпен реванш өткізу үшін 15 миллион доллар ұсынылған.

Еске салайық, Роузи мен Тейт 2013 жылы 28 желтоқсанда кездескен, ол кезде Ронда үшінші раундта жеңіске жеткен болатын.