«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов карьерасын Польша чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Мeta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Польшалық жоғары дивизионда ойнайтын клуб 30 дастағы голкиперге ұсыныс жасаған.

Покатиловтің «Ақтөбемен» келісімшарты осы маусымнан кейін аяқталған еді. Қазір ол еркін агент. Қақпашыға семейлік «Елімай» клубы да ұсыныс жасаған.