35 жастағы Роберт Левандовски келісімшарт мерзімі аяқталмай тұрып «Барселонадан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Поляк футболшысының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін. Алайда келісім бойынша Роберттің жалақысы маусым сайын артып отырады, дереккөздің айтуынша, бірінші маусымда ол 20 миллион еуро алған, қазіргі уақытта оның жалақысы 26 миллион, ал соңғы маусымда келісімшарт бойынша жалақысы 36 миллионға дейін өседі.

Клуб басшылығы мұндай шығынды бір ойыншыға шаққанда тым жоғары деп санаған. Егер 2024/25 жылғы маусымында Левандовски көк гранат үшін матчтардың 55%-дан азын ойнаса, онда клуб оның келісімшартын мерзімі біткенге дейін бұза алады, мұндай тармақ келісімшартта көрсетілген.