Қазақстан құрамасы келер маусымда Ұлттар лигасының В дивизионында бақ сынайды, деп жазады Prosports.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан 4-себетке түсті, демек Грузия, Грекия және Түркия құрамаларымен кездеспейді. Айта кетейік, біздің ойыншылар Еуро-2024 жолдамасы үшін Грекияға және Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды.

Қазақстанның әлем чемпионатына іріктеу жолындағы қарсыластары Англия, Украина, Чехия және Аустрияны қосқанда 12 команда болады.

УЕФА ережесіне сәйкес, келесі маусымдағы Ұлттар лигасы топтарының 4 жеңімпазы әлем чемпионатына іріктеуге қатысады. Олар 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екінші орын алған 12 командаға қосылып, плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Еуро-2024 турниріне жолдама алса, Португалия, Түркия және Чехиямен бір топта ойнайтыны белгілі болған еді.