Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және шымкенттік «Ордабасы» ФК капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы ойын кезіндегі бонустар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ұлттық құрамада бонустар бар, бірақ олар екінші орында. Біз үшін ең бастысы – жанкүйерлеріміздің патриоттық рухын көтеріп, футбол ойнай білетінімізді дәлелдеу. Қазір 27 ойыншының тізімінде болсаң, ұлттық құрамаға шақырғаның үшін шамалы сыйақы береді. Бұл басқа ойыншылар үшін де мотивация», - деді Тағыберген Нұрсұлтан Құрман Youtube-арнасына берген сұхбатында.