19 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Рахат Бралин Ыстамбұлда өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахат Bosphorus Cup-2023 турнирінде қола медаль жеңіп алды. Қысқа және еркін бағдарламалар бойынша 203,40 ұпай жинады.

Жарысқа 34 елден барлығы 193 спортшы қатысты.

Бұл Рахат Бралиннің соңғы 10 күндегі халықаралық аренадағы екінші медалі. 23 қарашада мәнерлеп сырғанаушы Tallinn Tropfy-2023 халықаралық турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды.