Қазақстандық конькиші Инесса Шүмекова Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тағы бір күміс медаль 1000 метрге жүгіруден екінші орын алған қазақстандық конькиші Арина Ильященкоға бұйырды.

Айта кетейік, 2-3 желтоқсанда Италияның Коллабо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 20 елден 150-ден астам спортшы қатысты.