Британиялық боксшы Нэтан Хини (18-0, 6 КО) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кейінгі жылы Жәнібек барлығын жекпе-жекке шақырды. Бірақ ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейді. Ол IBF және WBO нұсқалары бойынша екі әлем чемпионы белбеуінің иегері.
Егер оны жекпе-жекке шақыратын болсам, былай дер едім: «Досым, тыңда! Стоуктың салқын жаңбырлы түні осы бір істі тындыр», - деді Хини Queensberry Promotions промоутерлік компаниясына.
Комментарии