Бүгін, 3 желтоқсанда футболдан Түркия чемпионатының 14-туры аясында «Бешикташ» сырт алаңда «Анкарагюджюмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Анкара қаласында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 58-минутта ауыстырылды.

14 матчтан кейін «Бешикташ» 26 ұпаймен Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде үшінші, «Анкарагюджю» 17 ұпаймен 12-орында тұр.