Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Украинамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Қазақстан Украинадан 24:37 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан 0 ұпаймен топта соңғы орынға шықты.

Әлем чемпионаты 2023. Гандбол. Әйелдер.

Украина - Қазақстан 37:24 (19:12, 18:12)

Айта кетейік, G тобында Қазақстан мен Украинадан бөлек Бразилия мен Испания құрамалары бар.

2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарысқа барлығы 32 команда қатысып жатыр. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегия әйелдер құрамасы.