Қазақстандық боксшы Толғанай Қасымхан Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келі салмақта финалда Қасымхан ресейлік Кира Леоновамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Үшінші раундта төреші қазақ боксшысының соққысын нокдаун деп санады.