Қазақстандық боксшы Аяжан Сыдық Ереванда (Армения) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында үндістандық Амиша Керкеттамен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келі салмақта Сыдық пен Керкетта финалда кездесті. Жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.