Ұлттық құрамамыздың Еуроға іріктеу аясында шыққан фильмынан кейін, Сава QJ League жобасын тереңінен зерттеп, елдегі футболдың даму қарқынын көрсетуде. Стадиондағы керемет атмосфера, бапкерлер, аяқдопшылар және жанкүйерлермен ашық әңгіме, QJ League ашылуы, дамуы және алға қойған жоспарлары турасында арнайы жобаның бастауын алған алғашқы видеодан көре аласыздар.

«КраСава‎» арнасында шыққан жаңа шығарылым еліміздегі нағыз футбол шаһарына айналған Ақтөбе қаласын, жергілікті команда мен олардың жанкүйерлерін, сондай-ақ жасөспірімдер футболы қазіргі таңда қалай және не себепті жаңа келбетте көпшілікті таңқалдырып жатқанын көрсетуде.