3 желтоқсанда Ресейдің Череповец қаласында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионат матчында «Северсталь» ұжымы өз алаңында қазақстандық «Барысты» қабылдайды.

37 ойыннан кейін «Барыс» қоржынында 29 ұпай болса, «Северсталь» 36 ойында 37 ұпай жинаған. «Барыс» тұрақты біріншіліктің кейінгі ойынында өз алаңында лига көшбасшысы — Магнитогорскінің «Металлургін» тас-талқан етті (5:2). Ал «Северсталь» сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасын 2:1 есебімен жеңді.

«Северстальмен» ойыннан кейін «Барыс» сырт алаңдағы сериялар аясында тағы төрт матч өткізеді. Ол «Авангард», «Сибирь», «Салават Юлаев» және «Нефтехимикпен» ойнап, кім мықтыны анықтайды.