Санкт-Петербургте "Солтүстік Пальмира трофейлері" екінші халықаралық командалық турнирі басталды. Жарысқа қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик (әлемнің 32-ракеткасы) өзінің алғашқы матчында испаниялық теннисші, әлемнің 57-ракеткасы Роберто Баутиста Агутты 6:4, 3:6, 10:6 есебімен жеңді.

Ал әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бастапқы ойында Болгария өкілі Виктория Томованы 6:2, 6:3 есебімен жеңді.