Желтоқсанның 2-нен 3-не қараған түні аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 233 нөмірлі турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасы жеңіл салмақта армян текті ресейлік Арман Царукян (20-3) мен тегіирандық американдық файтер Бенеил Дариуш (22-5-1) арасындағы кездесу болды. Жекпе-жек бірінші раундта нокаутпен ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды.

«Үздік жекпе-жек» жүлдесі бразилиялық Родольфо Беллато мен украиналық Игорь Потереге бұйырды. Беллато жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

«Түннің үздік өнері» үшін марапаттарды келесі файтерлер алды: Арман Царукян, Жалин Тернер, Шон Брэди, Дастин Стольцфус, Миеша Тейт, Драккар Клозе, Джаред Гуден және Коди Брундадж.