Леуварденде (Нидерланды) жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында конькимен жүгіруден Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды.

Әйелдер эстафетасында (3000 метр) спортшыларымыз үшінші нәтиже көрсетті. Бағдарламаның бұл түрінен команда сапында Алина Ажғалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұхан және Полина Омельчук қатысты.

Оңтүстік Корея құрамасы бірінші орынға табан тіреді. Голландия құрамасы екінші орын алды