Желтоқсанның 3-іне қараған түні Остин қаласында UFC турнирі өтіп, Арман Царукян мен Бенеил Дариуш сегізбұрышта басты жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің бірінші раундында ресейлік файтер нокаутпен жеңді.

Царукян 27 жаста, Остиндегі жекпе-жекке дейін ММА-да 20 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Маусым айында ол UFC турнирінде ESPN 47 турнирінде бразилиялық Йоаким Сильваны үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

34 жастағы Дариуш Царукянмен кездесуге дейін ММА-да 22 жеңіске жетті, бес жеңіліске ұшырады, бір жекпе-жек тең аяқталды.