Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Еуропа лигасының матчында алматылық «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команданың қарсыластары Австрияның «Грац Хускес» командасы болды. Олар 3:7 есебімен қазақстандық команданы жеңді.

Біздің команданың құрамында Лорен Николсон (дубль) мен Дюндина Елизавета мергендік есептерін толықтырды.