Гамбургте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі 24 қатысушының 21-і белгілі. 2024 жылдың наурыз айында іріктеу плей-офф кезеңінде тағы 3 команда анықталады.

Қазақстан құрамасы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында ойнау құқығы үшін күресіп жатқанын айта кетейік: Магомед Адиевтің командасы іріктеу турнирі арқылы додаға шыға алмаса да, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде жеңіп шығуы мүмкін. С дивизионындағы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Қазақстан Грекия құрамасымен кездеседі – матч наурыз айында өтеді. Жеңіске жетсе финалда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Жеребенің нәтижелері:

А тобы

Германия

Шотландия

Венгрия

Швейцария

В тобы

Испания

Хорватия

Италия

Албания

С тобы

Словения

Дания

Сербия

Англия

D тобы

Польша/Эстония/Уэльс/Финляндия

Нидерланды

Австрия

Франция

Е тобы

Бельгия

Словакия

Румыния

Босния және Герцеговина/Украина/Исландия/Израиль

F тобы

Түркия

Грузия/Люксембург/Грекия/Қазақстан

Португалия

Чехия

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро іріктеу кезеңінде 10 кездесу өткізіп, 6 жеңіске жетіп, 4 рет жеңілістің дәмін татқан болатын. 16 гол соғып, 12 гол жіберіп алды.