2 желтоқсанда «Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасының Элиталық раундында үшінші кездесуін «Добовец» (Словения) МФК командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матчта алматылық ұжым қарсыласының қақпасына жауапсыз алты гол соқты.

Десе де «Қайрат» жеңіске жетсе де «Төрттік финалға» өте алмады. Өйткені бұған дейін «Бенфикаға» есе жіберген еді.

«Добовец» – «Қайрат» – 0:6 (0:3)

Голдар: Силва АГ 3, Кайо Руис 15, Печек АГ 19, Виана 22, Оразов 23, Акбаликов 28