Астаналық «Барыс» пен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы хоккейшісі Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында гол соққыш топ-3 қорғаушы қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021 жылдан бері мәскеулік ЦСКА сапында ойнап жүр.

Үздік сұрмерген қорғаушылар тізімі мынадай:

1. Александр Никишин (СКА) — 9 шайба (36 матч)2. Никита Нестеров (ЦСКА) — 8 шайба (32 матч)3. Даррен Диц (ЦСКА) — 6 шайба (33 матч)4. Дамир Шарипзянов («Авангард») — 6 шайба (35 матч)5. Иоаннис Калдис («Динамо» Минск) — 6 шайба (36 матч).