Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. Ол бұған дейін төртінші орында болған, жаңа рейтингте алтыншы сатыда тұр.

Екінші ауыр салмақта Иван Дычко 11-орыннан 15-орынға түсті.

Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта тоғызыншы орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орнын сақтап қалды.

Сұлтан Зәуірбектің де орны өзгермеді - ол екінші жартылай жеңіл салмақта алтыншы сатыда.