10 және 16 желтоқсан аралығында Венгрияның Будпешт қаласында IA дивизиондағы әлем жастар чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдама үшін Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Австрия командаларымен таласқа түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге дайындық аясында ОЖЖ жоспарланды, олар 28 қарашада «Барыс Аренада» басталды. 3 желтоқсан күні команда Будапештегі жиындардың екінші кезеңіне аттанады, онда Венгриямен және Франциямен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 5 және 7 желтоқсанға жоспарланған. 10 желтоқсанда турнир иелеріне қарсы алғашқы матч өтеді.

Кеңейтілген құрам:Қақпашылар: Владимир Никитин («Chilliwack Chiefs», BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор», ЖХЛ), Артем Шестаков («Снежные Барсы», ЖХЛ);Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (бәрі де — «Снежные Барсы», ЖХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Диар Манаш, Даниал Шақшақбаев («Номад», Pro Ligasy);Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланүлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (бәрі де — «Снежные Барсы», ЖХЛ), Александр Ким, Давлат Нуркенов (екеуі де — Assat, Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі де — «Барыс»).Бапкерлік штаб:Бас бапкер: Сергей Старыгин;Бапкер: Георгий Верещагин, Ильдус Габдрахманов, Александр Колюжный;Бас менеджер — Александр Корешков.