Екі дүркін Олимпиада чемпионы, америкалық жүзуші Клит Келлер 2021 жылы 6 қаңтарда Капитолийде болған тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ресми үкімін алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келлер үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, спортшы алты айға үйқамаққа және 360 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Еске салайық, АҚШ үкіметінің ғимаратындағы тәртіпсіздіктер сол кездегі президент Дональд Трамптың сайлау нәтижелерін мойындамауынан кейін басталған болатын.