Жартылай ауыр салмақта UFC экс-чемпионы Джамал Хилл бауырын ұрып соққаны үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық бабы бойынша айыпталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

TMZ мәліметінше, Хилл дүйсенбіде Кент (Мичиган) округінің түрмесіне қамалып, сол күні босатылған. Мемлекеттік прокуратура оны кіші Джеймс Энтони Хиллге шабуыл жасады деп айыптады.

Еске салайық, Хилл биыл қаңтарда UFC 283 турнирінде бразилиялық ардагер Гловер Тейшейраны жеңіп, титул еншілеген. Бірақ кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Артынша Хилл жарақатына байланысты чемпиондық титулынан бас тартты.