Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қараша айына арналған 101,6 келіге дейінгі (супер крейсер салмақ) боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Роман Фресс осы салмақтағы үздік боксшылардың бестігіне енді.

Үздік 15-тің рейтинг төмендегідей:

1. Евгений Тищенко (Ресей);2. Леон Харт (Германия);3. Алексей Егоров (Ресей);4. Баду Джек (Швеция);5. Роман Фресс (Қазақстан);6. Чжаохин Чжан (Қытай);7. Риад Мерхи (Бельгия);8. Эндрю Табити (АҚШ);9. Кем Люнгквест (Дания);10. Чивон Кларк (Ұлыбритания).

Айта кетейік, Фресс Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенка ауылында дүниеге келген, бірақ бала кезінде отбасымен Германияға көшіп келген. Дегенмен WBA рейтингінде боксшы Қазақстан спортшысы ретінде көрсетілген.