ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті ауыр атлетикадан Катарда өтетін Гран-при турниріне қатысатын спортшылардің тізімін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Денис Уланов та бар.

Гран-при турнирі 4-14 желтоқсан аралығында Катар мемлекетінің бас шаһары Дохада өтеді. Оған Қазақстан сапынан 13 атлет қатысады.

Гран-приге баратын спортшылардың тізімі төмендегідей:

45 келі: Айнұр Әбдіхалықова

59 келі: Дарья Балабаюк

67 келі: Сайрамкез Ақмолда

73 келі: Әлібек Рахымберді

73 келі: Әли Нұрбай

76 келі: Айша Омарова

81 келі: Арай Нурлыбекова

81 келі: Денис Уланов

89 келі: Асылжан Бектай

89 келі: Еламан Сейтқазы

96 келі: Кирилл Староверкин

102 келі: Әлішер Сейтқазы.

109 келі: Сұлтан Мейрам.

Айта кетелік, аталған турнирде Париж Олимпиадасына рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.