«Миланның» бұрынғы техникалық директоры Паоло Мальдини клубтан кетуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Милан» басшылары Чемпиондар лигасын жеңу үшін жоба сұрады. Мен оны бердім, бірақ олар маған жауап бермеді, себебі Кардинале (клуб иесі) мені жұмыстан шығаруды шешіп қойған.

Мен де Кетеларенің сәтсіз трансферіне қатысты сынды көрдім, бірақ Леао, Беннасер және Тео Эрнандеспен жасалған келісімдер дұрыс бағаланбағаны жақсы есімде. Маған жазғы трансфер бюджеті аз болатынын айтты, мен кеткеннен кейін ол екі есе өсті», - деді функционер La Repubblica басылымына берген сұхбатында.