Ереванда өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы қыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

52 келідегі Аяжан Сыдық жартылай финалда польшалық спортшыны жеңіп, финалға өтті.

Сондай-ақ, 66 келідегі Айсұлу Мұхит ресейлік Анастасия Грибанованы ұтып, әлем чемпионатының алтынына таласу мүмкіндігін алды.

Ал 48 келідегі Сила Биболсынқызы үнділік қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.