УЕФА Қазақстан – Дания матчын (3:2) Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі ең үздік ойындардың қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

УЕФА сегіз айға созылған іріктеу кезеңі аясында өткен мачтардың ішінен үздік 9 ойынды жариялады.

Тізімде Қазақстан мен Дания арасында өткен матч бар.

ТОП-9 матч:

Италия – Англия – 1:2;

Франция – Нидерланды – 4:0;

Казахстан – Дания – 3:2;

Шотландия – Испания – 2:0;

Уэльс – Армения – 2-4;

Молдова – Польша – 3:2;

Португалия – Словакия – 3:2;

Болгария – Венгрия – 2:2;

Украина – Италия – 0:0.

Жанкүйерлер Қазақстан құрамасына мына сілтемеге өтіп дауыс бере алады. Матч 26 наурыз Астана Аренада өтті. Даниялық футболшы Хойлунд ойынның 21-минутында есеп ашып, 36-минутта дубль жасады. Екінші таймда ғана ұлттық құрама ойыншылары ширақ қимылдап, 73-минутта Бахтиер Зайнутдинов қарсылас қақпасына алғашқы голды салды. Асхат Тағыберген 86-минутта гол соғып, есеп теңестірді. Матч аяқталар тұста Абат Айымбетовтің соққан голы Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Осылайша ойын 3:2 есебімен аяқталды. Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу ойындарының соңғы турында Словенияға 2:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған еді. Алайда қазақстандық футболшылар наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысып, қалған үш жолдаманың біріне таласады.