Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірегей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матчта мәскеулік «Руна» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өз алаңында өткен матчта «Астана» мәскеулік командаға 90-93 есебімен жол берді.

ВТБ Бірегей лигасы. Тұрақты чемпионат

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Руна» (Мәскеу, Ресей) – 90:93 (21:13, 26:19, 14:27, 21:23, 8:11).