30 қарашада «Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңі аясында «Бенфикамен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» өз тобында екінші орын алған болатын:

- Люксембургтің «Дифферданжын» жеңді (4:2)

- венгриялық «Халадашпен» тең (2:2)

- испаниялық «Пальмаға» есе жіберді (3:4).