Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бірден бірнеше елде: Дания, Норвегия және Швецияда өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың топтық кезеңінің 1-турында Қазақстан құрамасы Испаниядан 17:34 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, G тобында Қазақстан мен Испаниядан бөлек Бразилия мен Украина құрамалары бар.

2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарысқа барлығы 32 команда қатысып жатыр. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегия әйелдер құрамасы. Одан кейін турнирдің финалында норвегиялықтар Франция құрамасын ұтты.