Эльвира Нұрмұстафина бастаған қазақстандық төрешілер тобы әйелдер Ұлттар лигасының Финляндия мен Румыния құрамалары арасындағы матчында жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің бас төрешісі болып Эльвира Нұрмұстафина тағайындалды, оған Наргис Мағау мен Тимур Тұрсымбаев көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Артем Кучин атқарады.

Матч ертең, 30 қарашада Финляндияның Турку қаласында өтеді.