Венгрияда өтетін әлем чемпионаты алдында Астанада Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі hcbarys.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир Будапештте 10-16 желтоқсан аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы сапына «Барыс» шабуылшылары Руслан Оспанов пен Всеволод Логвин аттанды, олар ҚХЛ-дағы алдағы матчтарға қатыса алмайды.