Boxing Kingdom парақшасы қазақстандық Геннадий Головкиннің мұрағаттағы видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG 2003 жылы Бангкоктағы әлем чемпионатының ширек финалында румыниялық Лучиан Бутемен кездесіп, оны нокаутқа түсірген болатын.

«Жап-жас GGG Лучиана Бутені ұйқыға жіберген кез. GGG көлемді қолғап пен шлеммен-ақ нокаутқа түсірген. Менің сүйікті видеоларымның бірі. Ақылға қонымсыз табиғи күш», — деп жазылған X-парақшада.