2-3 желтоқсан аралығында Манчестерде (Ұлыбритания) таэквондодан Гран-при турнирінің финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарысқа Қазақстаннан бір ғана спортшы қатысады. Медаль үшін Жансель Денис таласады.

Жансель 67 келіден жоғары салмақта әлемдік рейтингте 14-орында тұр.

Айта кетейік, Гран-приге 38 елден 128 спортшы қатысады.