Каталондық «Барселона» командасының бас бапкері қызметіне Гарсиа Пимиентаны тағайындау нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондықтардың нәтижелері мен ойыны жақсармаса, «Барселона» жақын арада команда бапкері Хавиді жұмыстан шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда испаниялық маманның орнына бірінші үміткер қазір Лас-Пальмасты баптайтын Пимиента болмақ. «Блаугрананың» көшбасшыларына Гарсияның Лас-Пальмас-де-Гран Канария қаласының клубына енгізген ойын стилі ұнайтыны атап өтілді.

«Барселона» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді. Каталондықтардың 14 турдан кейін 31 ұпайы бар.

Еске сала кетейік, Хави «Барселонаны» 2021 жылдан бері баптап келеді. Оның каталондық клубпен келісім шарты 2025 жылға дейін.