Жансель Дениз Манчестердегі таэквондодан Гран-при финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 2-3 желтоқсан аралығында өтеді. Жылдың соңғы маңызды оқиғасы спортшыларға 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу ұпайларын жинауға мүмкіндік береді.

Сегіз олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша 38 елден 128 спортшы қатысады.

Айта кетейік, Жансел Джакартадағы Азия ойындарының күміс жүлдегері және Ханчжоу ойындарының қола жүлдегері, қазір Олимпиада рейтингінде 14-ші орында.