Қазақстандық боксшы Кенесары Әмір Маржықпаев Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

63 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Маржықпаев ресейлік Захар Беспаловпен кездесті. Жекпе-жекте Беспалов төрешілердің бірауызды 5:0 шешімімен жеңіске жетті. Барлық төрешілер 30-27 есебімен жеңісті ресейліктерге берді.

Осылайша, Кенесары Әмір Маржықпаев әлем чемпионатының ширек финалына өте алмай, турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық гватемалалық боксшы Кристиан Рамирестен басым түскен болатын.