«Авангард» астаналық «Барыстың» қақпашысы Эдвард Паскуалеге қызығушылық танытып отыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Паскуале өткен маусым аралықта «Барыс» лагеріне оралды. Қақпашы «Астана» командасынан бөлек «Локомотив» және «Металлург» командаларында өнер көрсеткен.

2023/24 жылғы маусымында 33 жастағы Паскуале ҚХЛ тұрақты маусымында 20 матч өткізді.