16 жастағы қазақстандық боксшы Нығман Нығмет Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нығмет түрікменстандық Санжар Хамраевпен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нығман Нығмет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Айта кетейік, ай басында Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.