«Қостанайлық Тобылдың» бас директоры мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Андрей Канчельскис клубтағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайырлы күн, құрметті «Тобыл» футбол клубының жанкүйерлері! Cіздерді кубоктағы жеңіспен құттықтауға мүмкіндігім бар. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет!

Сіздер «Тобыл» футбол клубында не болып жатқанын баспасөз арқылы жақсы түсінетін шығарсыздар. Көптеген ақпарат берілген, сондықтан мен не болып жатқанын түсіндіргім келеді. Жағдай өте ерекше және түсініксіз. Себебін түсіндіргім келеді. Жаңа инвесторларымыздың келуімен Тобылда оғаш оқиғалар бола бастады. Қазір футболдың қалай дамып жатқанын – балалар мен жасөспірімдер футболының насихатталып жатқанын, ұлттық құраманың қалай ойнап жатқанын көріп отырсыз, президенттің қолдауын көріп отырсыздар. Ал, клубтағы жағдайға жағдай жанкүйерлердің де, менің де алаңдатады.

Осы екі үлескер – бұрын алаяқтықпен айналысқан Әлімжан Қалдияров келген соң, жақын арада оған қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалады. Ашық қылмыстық ісі бар Санжар да келді. Мен олардың футбол клубына қалай келгенін түсінбеймін. Олар футболдан басқа нәрселермен айналысу үшін келді, ал біздің мақсатымыз футболмен айналысу, жасөспірімдер футболын дамыту және т.б. «Тобыл» футбол клубында жұмыс істейтін бас директор менің пікірімді естігеніңізді қалаймын. Қазір клубта жүрген осындай алаяқтармен болашақта Тобылда үлкен мәселелер туындауы мүмкін екенін айтамын.

Біріншіден, бұл алаяқтарға қатысты ФИФА-дан сұрау түсті, оған жауап берілді. Міне, жауап хат. Менің ойымша, өте ауыр процесстер болады. Осы алаяқтардың кесірінен Тобылдың зардап шеккенін қаламас едім. Сондықтан осыны барлығы түсініп, басшы органдар назар аударса деймін. Назарларыңызға көп рахмет!», - деді Канчельскис Instagram парақшасында.